21
қаңтар
2019
Семинар "Туған жерім - тал бесігім"
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында халқымыздың ұлттық санасына түбегейлі талдау жасап, қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, оны ірі қарай дамытудың нақты жолдарын айқындап берді. Мақаладағы басты міндеттердің бірі - Отаншылдық, өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады делінген.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Сол ұлттық салт-сана балалардың бойына отбасынан, балабақшадан бастап қалыптасады.
Осы орайда, 2018 жылыдың 19 сәуірінде Алматы қаласы, Жетісу ауданы "№128 бөбекжай/балабақшасынның" меңгерушісі Усманова Почунай Джамаловнаның және әдіскер Даулетбаева Амангүл Кеңесбайқызының басшылығымен, балабақша ұжымының ат салысуымен, Рухани жаңғыру аясында "Туған жерім - тал бесігім" атты тақырыпта бүлдіршіндердің орындауында театрлық қойылым өтті. Бұл қойылымға Алматы қаласы, Жетісу ауданының Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдиевна, танымал журналист, блогер Мухит Сапарбаев, Алматы қаласы, Жетісу ауданының балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілерінің қатысуымен өтті.
Бұл қойылымда балабақша балалары Алматы қаласының тарихи пайда болу аңызын қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін әдемі ұштастырып, көрермендердің назарына үш тілде, актерлік шеберліктерімен жеткізе білді. Аталмыш көрініс арқылы біз бүлдіршіндеріміздің бойына Отаншылдық, өз жеріне, өз аулына, өңіріне, өзінің туған өлкесіне, қаласына деген сүйіспеншілігін арттыра түстік. Оны сахналап ел назарына ұсынуына ат салысқан балабақша педагогтары жоғары санатты жетекші маман музыка жетекшісі Маликова Светлана Тимофеевна. Өзге ұлт балаларының қазақ тілінде шебер сөйлеуіне ықпал еткен жоғары санатты қазақ тілі маманы Токтахунова Калыча Ниязбековна.
Қазақта "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген мақал бар. Бұл мақал бүгінде педагогикалық тұрғыдан тәрбиенің қайнар көзіне айналып үлгерген. Ауыздан шыққан әр сөзге, жасалған әр қимылға оң баға беріп, оның астарынан таным табуға тырысқан халықтың бай рухани мұрасын бір сөзбен айту жеткізу мүмкін еместей. Тек айтарымыз халақтың мінезбен қанға біткен жақсы қасиеттің барлығы жалпы ұлт болып қалыптасу жолында бір ізге түсіп, уақытпен бірге ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналып отырған. Оның себебі біздің ең үлкен байлығымыз - болашақ ұрпағымыз. Олар біздің мемлекетіміздің келбеті, елдігіміздің айнасы. Ертеңгі ел тұтқасы.