«Төтенше жағдайлар» тақырыбында әдіскер мен топ тәрбиешілері ұйымдастырылған іс-әрекет.
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалық жоспарының 8- тармағын орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға «Халықтың өзін-өзі ұстау ережелері туралы хабардар ету» бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әмрин А.Қ. бекіткен жоспарына сәйкес МКҚК №128 бөбекжай/балабақшасында қызметкерлермен, тәрбиеленушілермен каскадтық әдісті қолданып «Төтенше жағдайлар» тақырыбында әдіскер мен топ тәрбиешілері ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындаған кездегі халықтың іс-әрекеті»;
«Төтенше жағдайларда жиналатын орындар»; «Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері», «Жер сілкінісіне дейінгі, кезінде және одан кейінгі әрекеттер», «Дабыл чемоданы» және «Дәрмен» қосымшасы туралы.
Сабақтарға барлығы 145 адам қатысты, оның ішінде: 20 қызметкер, 125 тәрбиеленуші. Ата-аналарға әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Ақпарат балабақшаның ресми сайтына жарияланды.